09 ақпан 2022 | 00:00

"Яндекс.Такси" жүргізушісі Желідегі видеодан кейін жазаланды

Видео кадрлары

Алматыда "Яндекс.Такси" жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаланды. Ер адам әлеуметтік желілерде таралған видеода ескерту жасаған тұрғынға дөрекі жауап берген. Бұл туралы Instagram-да қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Яндекс.Такси" жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаланды. Ер адам әлеуметтік желілерде таралған видеода ескерту жасаған тұрғынға дөрекі жауап берген. Бұл туралы Instagram-да қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының назарын аударған роликті Алматы тұрғындарының бірі түсірген. Видеодан ктакси жүргізушісі тоқтап, қоғамдық көлік аялдамасында тұрғанын көруге болады. Тұрғынның көлікті алып тастау туралы ескертуіне жүргізуші дөрекі жауап берген. 

Реклама
Реклама

Видеоны тексеру Алматы ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тапсырылған. Құқық бұзушы анықталды - ол 10.03.1977 жылы туған Ш. есімді азамат болып шықты.

"Азамат Ш. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 597-бабының 1-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны (Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру ережелерін бұзғаны) үшін жауапкершілікке тартылды. Электрондық хаттама: 08.02.2022 жылғы 227585230000887", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары.

Яндекс Go-да оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Осы оқиғадан кейін жүргізуші бірден бұғатталды және Яндекс Go тапсырыстарын орындай алмайды", - деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная