Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды - Видео

видеодан үзінді

Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Бірлік-Мойынқұм - Ұланбел тасжолының 33-шақырымында Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Runner маркалы автокөлігі ұсталды", - делінген хабарламада. 

Көліктен жалпы салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Реклама
Реклама

Күдікті Тараз қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама