ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 наурыз 2017 17:19
Жамбыл облысында 4 жәшік ұялы телефон ұрламақ болған ер адам ұсталды
Алматыда?ы "Exline" курьерлік компаниясы б?ліміні? 32 жаста?ы басшысы несие ?арыздарын ?теу ?шін аса ірі к?лемде алая?ты? жаса?ан деген к?дікпен ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Алматыдағы "Exline" курьерлік компаниясы бөлімінің 32 жастағы басшысы несие қарыздарын өтеу үшін аса ірі көлемде алаяқтық жасаған деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы "Қазфосфат" зауытында 23 ақпанда таңғы сағат 8.00-де болған.
"Белгісіз бір ер адам өзін "Exline" ЖШС қызметкері деп таныстырып, 4 жәшік Samsung маркалы телефондарды заңсыз түрде иеленген. Телефондардың жалпы құны 18,2 миллион теңгеден асқан. Гаджеттер "Алматы - Тараз" автобусының жүксалғышында жатқан", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Осылайша, 32 жастағы күдікті несие қарыздарынан құтылмақ болған.
Ведомстводағылардың мәліметінше, күдікті кінәсін мойындап, ұялы телефондарды қайда жасырғанын айтты. Қазіргі уақытта 32 жастағы ер адам ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу