Жамбыл облысында 5 жасар баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты

© Tengrinews.kz

Жамбыл облысында 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ұсталған 18 жастағы жігіт 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Айта кетейік, қылмыстық іс кезінде ол 17 жаста болатын. Сонымен қатар, сот жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге беру туралы қаулы шығарды.

Бүгін сот Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жантүршігерлік кісі өліміне қатысты іске байланысты шешім шығарды. Іс материалдарына сүйенсек, жігіт балаға 11 жерден пышақ тыққан. Тергеу мәліметінше, 18 жастағы жігіт кішкентай баланы өлтірген үйге ұрлыққа түскен.

Реклама
Реклама


Қаза тапқан баланың ата-анасының үйі. © Tengrinews.kz

Еске салайық, 2016 жылы 15 ақпанда сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған Дүйсенбек А. С. есімді баланың денесі табылған болатын. Денеден зорлық белгілері анықталды. 


Қаза тапқан баланың анасы. © Tengrinews.kz

Күдікті 16 ақпанда ұсталды. Кейін ол өз кінәсін мойындады. Жергілікті түрік қоғамдастығы қауымының ақсақалдары қайғылы оқиғаға байланысты баланың отбасынан кешірім сұрады.


Сотталушы сот залында отыр. © Tengrinews.kz

Сонымен қатар, олар қылмыскердің үйін жәбірленуші тарапқа беруді шешкен болатын. Дегенмен қайтыс болған бүлдіршіннің ата-анасы оны алудан бас тартты.


Қайтыс болған баланың отбасына ұсынылған үй. © Tengrinews.kz

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама