Жамбыл облысында атыс болды: Бір адам қаза тапты, тағы жетеуі ауруханада жатыр

© otyrar.kz

Жамбыл облысында екі ауыл т?р?ындарыны? арасында дау шы?ып, салдарынан бір адам ?аза тауып, та?ы жеті адам т?рлі жара?аттарымен аурухана?а жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында екі ауыл тұрғындарының арасында дау шығып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы жеті адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 6 қарашада кешкі уақытта Аса ауылынан Құмтиын ауылына бара жатқан автобустардың бірінде екі жолаушы сөзге келіп қалған. Ал түнге қарай олардың дауы жалғасын тапқан.

"Нәтижесінде Аса мен Құмтиын ауылдарының тұрғындары тегіс ұңғылы қарумен атыс шығарған. Кейінірек оқ жарақаттарын алған жеті адам Орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының 30 жастағы тұрғыны алған жарақаттарынан қаза болды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Реклама
Реклама

Бұл қылмысқа барғандар 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама