Жамбыл облысында колония басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Жамбыл облысында колонияда?ы жедел ?ызметтер басшысыны? орынбасары сотталушыдан пара алды деген к?дікке ілінді. Б?л туралы Мемлекеттік ?ызмет ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы к?рес агенттігіні? ресми ?кілі Н?рлан Жахин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында колониядағы жедел қызметтер басшысының орынбасары сотталушыдан пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"12 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері Жамбыл облысы 158/5 мекемесінде жазасын өтеушіден 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен колония басшысының орынбасары ұстады", - деді Нұрлан Жахин.

Сондай-ақ, ол күдіктінің кінәсін толықтай мойындағанын және сол себепті қамауға алынбағанын айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Ақша сотталушыны осы мекемеде жазасын өтеу үшін жағдайын жеңілдету үішн алынған", - деді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама