Жамбыл облысында пара алған жол полициясының қызметкері ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысыны? жеи?орлы??а ?арсы к?рес ?ызметі кезекті рет жол полициясы ?ызметкерлерімен ж?йелі т?рде пара алу то?татылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс бойынша Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының жеиқорлыққа қарсы күрес қызметі кезекті рет жол полициясы қызметкерлерімен жүйелі түрде пара алу тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 6 қазанында Жамбыл облысы ІІД ЖПҚ жол-патрульдық қызметінің полицейі Исаев Р. атты азамат пен осы бқлімшенің тағы екі қызметкеріне, сондай-ақ Жамбыл облысы ІІД миграциялық полицияның төрт қызметкеріне қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген таратылған хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша соңғы айдағы заңсыз табыс көлемі 90 миллион теңгені құраған. 6 қазанда Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына жеке тасымалмен айналысатын жүргізуші Қордай ауданының "Отар" шегара постының жол полиция қызметкерлерінің үстінен негізсіз жол ж.руге бөгет болып, пара талап етеді деп арызданған.

Реклама
Реклама

Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы-Ташкент күре жолымен екі бағыт бойынша да күніне 2 000 көлік (жүк, жолаушылар, бағыттық автобустар, жеке және өзге) өтетіні анықталды. Жамбыл облысы ІІД ЖПҚ жол-патрульдық қызметкерлері әр өткен сайын 1000-нан 10 мың теңгеге дейін пара алып отыратыны белгілі болды.

"27 қазанда тергеу әрекеті барысында Жемқорлыққа қрасы күрес қызметі арыз берушіден 3000 теңге көлемінде пара алғаннан кейін ІІД  қызметкері Исаев Р. ұсталды. Қазіргі кезде күдікті Тараз қаласының ІІБ-нің уақытша қамау абақтысына жабылды", - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Қазіргі кезде қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама