Жамбыл облысында педофилдердің ісін әйелдер тергейтін болды

© Жамбыл облыстық прокуратура

Жамбыл облысында к?мелетке толма?андар?а ?атысты жасал?ан ?ылмыстарды ?йелдер тергейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? прокуратура?а сілтеме жасап.

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарды әйелдер тергейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Әйел полицейлерге осындай жұмысты тапсыру қажеттілігі жайлы шешімді прокуратурадағылар мен ІІД өкілдері қабылдаған. Прокуратура органдарындағы тексерістерді де процессуалдық әйел прокурорлар жүргізетін болады.

"Бұл шешім кәмелетке толмағандардың психологиялық ауытқушылықтарының пайда болу қаупін төмендетіп, сондай-ақ, осы категория бойынша зардап шеккендердің сенім деңгейін арттырады", - дейді прокуратура өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Республикасының бас прокуроры Жақып Асанов елімізде сексуалдық сипаттағы қылмыстар бойынша істі әйел прокурорларға беруге шақырған болатын. "Бізде әйелдер көп. Болмаса, жұмысқа қабылдау керек. Бұл шұғыл жасалуы тиіс іс, оны жылдам жасай аламыз. Артық ақылдың да, күштің де қажеті жоқ. Облыс прокурорлары, сіздерге айтып отырмын. Сіздерге мерзім беремін - бір апта ішінде осындай әрбір қылмыс бойынша мұндай істерді ер адамдарға беруді тоқтатыңыздар", - деген еді Асанов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама