Жамбыл облысында полицей біреудің қалтасына есірткі салып жіберіп, пара сұраған

Есірткі заты © happydoctor.ru

Жамбыл облысында полицей біреудің қалтасына есірткі салып жіберіп, пара сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тараздың № 2 қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылы 17 наурызда Жамбыл облыстық Шу ҚІІБ жедел және уәкілетті қызметкері өз қызметін асыра пайдаланып, азаматтың қалтасына белгісіз затты салып жіберген. Тергеу қорытындысы бойынша заттың есірткі екендігі анықталған. Қылмыстық іске тартылмауы үшін полицей ер адамнан 200 мың теңге көлемінде пара алған.

"Тараз қалалық № 2 сотының үкімі бойынша, сотталушы "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бабының төртінші тармағы, үшінші тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және де осы бап бойынша алты жыл бас бостандығынан айырылып, дүние мүлкі тәркіленеді, сонымен қатар мемлекеттік және құқық қорғау қызметінде өмір бойы жұмыс жасау құқығынан айыру жазасы кесілді. Ол жалпыға бірдей түзету колониясында жазасын өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - делінген таратылған хабарламада.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама