Жамбыл облысында қарақұйрық атқандар ұсталды

Жамбыл облысында қарақұйрық атқандар ұсталды © facebook.com

Жамбыл облысының полицейлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды аулаған браконьерлерді ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысы Арман Оразалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Биыл 6 қазанда түнгі уақытта Байзақ ауданының төрт тұрғыны "Нартай" құмды алқабында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрі - қарақұйрықтарды заңсыз атқан. Браконьерлердің "Тойота" маркалы автокөлігінен полиция қызметкерлері жануарлардың тушаларын тапты. Екі қарақұйрық - тіркелген қос ұңғылы аңшы мылтығынан өлтірілген, алайда аңшылардың аң аулауға рұқсат етілген құжаттары болмаған", - делінген хабарламада. 

Осы дерекке қатысты Байзақ аудандық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлімі бойынша (жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолдана отырып заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. 

Жарнама
Жарнама

Күдіктілер ұсталып, аңшы мылтығы тәркіленді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама