Жамбыл облысында қарулы шабуыл әрекеті видеоға түсіп қалды

?ордайда д?кенде т?р?ан терминалдан а?ша ?рланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Лом ж?не тапаншамен ?арулан?ан белгісіз біреулер терминалды сындырып, 170 мы? те?гені алып кеткен. Б?л туралы д?кенні? ?ауіпсіздік ?ызметкері Елдос Анашев м?лімдеді.  

Қордайда дүкенде түрған терминалдан ақша ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Лом және тапаншамен қаруланған белгісіз біреулер терминалды сындырып, 170 мың теңгені алып кеткен. Бұл туралы дүкеннің қауіпсіздік қызметкері Елдос Анашев мәлімдеді.  

Оның айтуынша, оқиға кеше 21-30-да болған. Қарақшылардың әрекеті видеокамераға түсіп қалған.

Реклама
Реклама

"Алдымен олар күндіз келіп, терминал арқылы ұялы телефондарына ақша салған. Ал кешкісін лом, тапанша мен монтировка алып келген. Дүкеннің есігін бұзып кіріп, аппаратты қиратады да, 170 мың теңге мен кассадағы аздаған ақшаны алып кетті. Терминал құны 400 мың теңге шамасында, оны қиратып кетті. Біз полицияға арыз түсірдік", - дейді ол.

Полицейлер "Ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Күдіктілер әлі ұсталмады, олар іздестіріліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама