Жамбыл облысында қымбат көліктер қарсы бағытта қатарласып жүрген

Жамбыл облысында қымбат көліктер қарсы бағытта қатарласып жүрген © instagram.com

Жамбыл облысында қымбат көліктер қарсы бағытта қатарласып жүрген. Жол қозғалысы ережесін бұзған сәт видеоға түсіріліп, Tengrinews.kz редакциясына жолданды.

Оқиға наурыздың басында болған. Бірнеше жол талғамайтын көлік қатарласып жүріп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Олар үлкен жылдамдықта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетеді, солайша бағыттағы қарама-қарсы келе жатқан көліктердің қозғалысына кедергі келтіреді. Кортеж құрамында үш Toyota Land Cruiser көлігінен, бір-бір Porsche Cayenne, Lexus LX 570 және BMW X5 маркалы көліктерінен тұрды.

Әзірге құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмей отыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама