Жамбыл облысында қырғыз бизнесменін қамап ұстағандар құрықталды

Жамбыл облысында қырғыз бизнесменін қамап ұстағандар құрықталды

Жамбыл облыстық ІІД қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкерін босатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Бизнесменді ұрлады деген күдік Алматының үш тұрғынына келіп отыр екен.

"17 сәуірде түнгі уақытта Алматы - Тараз тасжолында фигуранттар жеке көлігімен көлікті тоқтатып, полиция қызметкері ретінде танысып, жолаушыны ұрлап әкеткен", - деп хабарлады Сәдубаев брифингте.

Жарнама
Жарнама

Операция жүргізу барысында көрші елдің құтқарылған азаматы зардап шекпепті. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама