Жаңаөзенде ер адам 12 тонналық көпірді ұрлап кеткен

© lada.kz

Металлдан жасалған 12 тонналық көпір "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға тиесілі болған. Осының салдарынан компанияға 708 750 теңге шығын келтірілген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада"

Жаңаөзен қалалық сотында 12 тонналық темір көпірді ұрлау ісі қаралды. 

Сотта "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға тиесілі ұзындығы 14 метр, биіктігі және ені екі метр болатын көпір ұрланғаны анықталды. Жымысқы әрекетімен қаскөй компанияға айтарлықтай шығын келтірген. 

Реклама
Реклама

"Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК немесе 505 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ұрланған көпір компанияға қайтарылды, - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама