14 наурыз 2022 | 12:16

Заңгер Омарова қаңтар оқиғасы туралы: Қоймадан калий цианиді бар бөшкелер ұрланды

Дина Шарипханова Корреспондент
фото: pexels.com

Адвокат Айман Омарова қаңтардағы оқиғалар кезінде бірнеше бөшке калий цианиді ұрланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Адвокат Айман Омарова қаңтардағы оқиғалар кезінде бірнеше бөшке калий цианиді ұрланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Омарованың айтуынша, қаңтардағы оқиғалар кезінде жаппай тәртіпсіздікті кәсіби дайындалған топтар басқарды, олардың арасында тек бейбіт тұрғындар ғана емес, сонымен қатар арнайы қызмет қызметкерлері де, қылмыстық топтар да болды.

"Накбаевтың ісі бойынша қоймадан күшті әсер ететін улы заттар, калий цианиді бар бірнеше бөшке ұрланған. Бұл заттың 500 грамы бүкіл бір қала тұрғындарын мүгедек қылуға жеткілікті. Зауытта шамамен 35 бөшке болған. Сонымен қатар, қоймаларда күйдіргіш сода, азот қышқылы және басқа да химиялық заттар болды", - деді Мәжілісте заңгер.

Реклама
Реклама

Омарованың айтуынша, бұл істердің бәріне ҰҚК қызметкерлерінің қатысы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная