ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2022 | 12:46
Заңсыз жолмен кальян әкелуге көмектескен кеден бекеті қызметкерлері сотталды
Түркістан облысына заңсыз жолмен кальян әкелуге көмектескен кеден бекеті мамандары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қаржы мониторинг агенттігінің Түркістан облысындағы аумақтық департаменті өкілдері шекарада Өзбекстан Республикасынан заңсыз кальян тасымалдауға көмектескендерді анықтады. Сот үкімі бойынша "Қапланбек" кеден бекетінің 5 маманы түрлі мерзімге сотталды.
"Лауазымды тұлғалар қызметтік мансабын асыра пайдаланып, Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға салмағы 23 985 келі жалпы сомасы 59 596 729 теңге болатын SERBETLI кальянын заңсыз әкелуге көмектескен", - делінген хабарламада.
Түркістан қаласы сотының үкімімен "Қапланбек" кеден бекетінің қызметкерлері Қ.Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М.Күміс, Б.Әлиев 3 жыл 6 айға, Н.Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также