18 қараша 2023 | 13:19

Заңсыз ойын бизнесіне қатысты күдікке ілінген әйел Германиядан экстрадицияланды

видеодан алынған кадр

Заңсыз ойын бизнесіне қатысты күдікке ілінген адам Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Заңсыз ойын бизнесіне қатысты күдікке ілінген адам Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық OLIMP.KZ букмекерлік кеңсесінің қызметіне байланысты қылмыстық топқа қатысты деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін шетелден экстрадицияланды.

"Әйел 2014-2019 жылдары қылмыстық топ құрамында заңсыз құмар ойындарды өткізуге, салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтаруға, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысқан деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Салдарынан мемлекетке 86,7 миллиард теңгеден аса шығын келтірілді. Соған орай соталды тергеу басталып, халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл мамырда ол Германия аумағында ұсталды. Қазір күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Бұл қылмыстар үшін мүлкін тәркілеу, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная