Заңсыз риэлторлар зейнеткерлерді өлтіріп, пәтерлерін тартып алумен айналысқан

Заңсыз риэлторлар зейнеткерлерді өлтіріп, пәтерлерін тартып алумен айналысқан © 2x2.su

Алматыда за?сыз риэлторлардан ??рал?ан ?йымдас?ан ?ылмысты? топ зейнеткерлерді ?лтіріп, п?терлерін тартып алумен айналыс?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда заңсыз риэлторлардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ зейнеткерлерді өлтіріп, пәтерлерін тартып алумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала прокуратурасындағылардың мәліметінше, қылмыскерлер жалғызбасты зейнеткерлерді, нашақорларды және маскүнемдерді өлтірген.

"Қылмыскерлер олардың сеніміне кіріп, кейін өлтіріп, жылжымайтын мүлік құжаттарын алған соң өлтірілгендерге ұқсас азаматтарды тауып, пәтерлерді сатып отырған. Бас-аяқ төрт алматылық өлтірілген", - деп хабарлады қала прокуратурасының өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Прокурорлар қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Сегіз адамға кісі өлтірді, алаяқтық жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған қатысты, тонады және құжат ұрлады деген айып тағылып отыр.

Алматы қалалық сотындағылар бұл істі қарау әзірше тоқтатылғанын, кейін қайта жанданатынын хабарлады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама