Іздеуде жүрген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

видео кадры

Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Биылғы қазанда күдікті Антальяда ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама