Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды

Сот Алматыда жедел жәрдем машинасының жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан Түркия азаматы Али Демирді қылмыстық жауапкершіліктен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы аудандық сотында отырыс өтті. 

Али Демирдың адвокаты Николай Кучманың арызын оқып берді, онда ол Али Демирді татуласуға байланысты босатуды сұраған. 

Еске салайық, мұның алдында Николай Кучманың Али Демирді кешіргені хабарланған еді. Сондай-ақ, жәбірленуші соттан істі өз қатысуынсыз өткізуді өтінген.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама