Зейнеткердің ұлы анасының медалін араққа айырбастаған

© penzainform.ru

20 ?азанда К?кшетауды? ІІБ-ны? кезекші б?ліміне 76 жаста?ы кейуана арыздан?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысы ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

20 қазанда Көкшетаудың ІІБ-ның кезекші бөліміне 76 жастағы кейуана арызданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зейнеткердің айтуынша, оның киім сөресінде сақталып келген "Еңбек ардагері" медалі жоғалып кеткен. 

Полицейлер бірден тергеу шараларын жүргізіп, медалді зейнеткер әжейдің 44 жастағы ұлының ұрлағанын анықтады. Оның үстіне бұл ұрлықтың биыл шілде айында жасалғаны белгілі болды. 

Реклама
Реклама

Күдіктінің айтуынша, анасынан ұрлап алған медалді ол бір шөлмек араққа айырбастап жіберген. Ал құқық қорғау органдарының хабарлауынша, келтірілген шығын құны 20 мың теңгені құраған.

Қазіргі кезде ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция иесіне қайтару мақсатында жоғалған медалді іздестіріп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама