Жеті айлық сәбиін еденге атып ұрған келіншек баласынан айырмауды өтініп, зар жылады

Жеті айлық сәбиін еденге атып ұрған келіншек баласынан айырмауды өтініп, зар жылады © КТК кадры

Алматы облысында жеті айлы? с?биін еденге атып ?р?ан келіншек сот алдында жауап беріп жатыр. 28 жаста?ы Марина Тюменцеваны? ?рекеті к?ллі ?аламторды шулат?ан болатын. Жылап ?ойма?ан перзентін аса ?атігездікпен жазала?ан ?йелді? ?зі енді ата-ана ???ынан айырылып, кемі 3 жыл?а аба?ты?а жабылуы м?мкін. Дегенмен, баласына деген мейірімсіздікпен аты шы??ан Марина кін?сін мойындап, бала-ша?асынан айырмауды ?тініп, судьяны? алдына жылап ?алды. Б?л туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Алматы облысында жеті айлық сәбиін еденге атып ұрған келіншек сот алдында жауап беріп жатыр. 28 жастағы Марина Тюменцеваның әрекеті күллі ғаламторды шулатқан болатын. Жылап қоймаған перзентін аса қатігездікпен жазалаған әйелдің өзі енді ата-ана құқынан айырылып, кемі 3 жылға абақтыға жабылуы мүмкін. Дегенмен, баласына деген мейірімсіздікпен аты шыққан Марина кінәсін мойындап, бала-шағасынан айырмауды өтініп, судьяның алдына жылап қалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Десе де, Тюменцеваға ешкім де  жаны ашитын сыңай танытпады. Тіпті, әйелді қолдап сотына адвокатынан басқа ешкім келмеген. Ал атышулы бейнероликтің авторы - азаматтық некедегі күйеуі болса, жанжалдан кейін бала-шағасы мен әйелін тастап, тайып тұрыпты. Енді прокурор бастаған қамқорлық бөлімінің қызметкері мен полицейлерден құралған топ оны ата-ана құқынан айыруды сұрап отыр. Одан қалды, кәмелетке толмаған сәбиге күш көрсеткені үшін үш жылға абақтыға қамауды өтінді. Мұны естіген Тюменцева сот отырысынан ботадай боздап шықты.

"Мені түрмеге жабу үшін бәрін істеп жатыр! Қазір балаларыма жақсы қараймын. Дұрыс жолға түстім. Арақты тастадым, енді аузыма да алмаймын. Дәмханаға жұмысқа тұрдым. Әрине, алатын жалақым аздау, бірақ балаларым үшін адал еңбек етіп жатырмын.Сот алқасынан қолдау көрсетуін сұраймын, маған кешіріммен қарап, қыздарымды өзіме қалдырса деп тілеймін", - деді ол сотта.

Реклама
Реклама

Тюменцеваның айтуынша, содан бері сәбиіне саусақ ұшын да тигізбепті. Керісінше, арақты біржола қойып, жергілікті дәмханалардың бірінде ыдыс жуушы боп жұмысқа тұрған. Тапқан табысын тек бала-шағасына ғана жаратып жатыр екен. Айтқандай-ақ, үш ай бұрын аузынан арақ иісі аңқыған әйел оңалуға барынша тырысып-ақ жатырған сыңайлы. Бір ай бұрын таяқ жеген кішкентай Ираданың да әжептеуір өңі кіріп, анасын айналып толғанғанына мәз-мейрам көңілде.

Араққа салынған келіншекті туған әпкесі қамқорлығына алыпты. Айтуынша, Маринаның отбасылық қиын жағдайын бұлар о баста білген. Бірақ, күйеуінің тентек мінезінен араласуға батпапты.

"Маринаға мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Рас, ол қателік жіберді. Бірақ, адаспайтын адам жоқ қой. Ең бастысы әпкем арақты қойды. Жұмысқа орналасты. Ол жұмыста болғанда қыздарға мен бас-көз боп отырмын. Қыздары анасын қатты жақсы көреді, жұмыстан келгенде алдынан жүгіріп шығады", - деді Марина Тюменцеваның жиені Кристина Тюменцева.

Ал жантүршігерлік әрекетке баруына бірге тұрған жігіті себепші болыпты. Сол күні үйінде қырық пышақ ұрыс болып, соңы осындай жағдайға душар еткен. Тюменцева күйеуінің жиі сілтенетін жұдырығынан жүйкесінің тозғанын айтады. Сондай ұрыстардың бірінде, жолдасы бетін тіліп, ал үлкен қызының басын жарып тастаған екен. Онда да аса қатігездік танытқан деген баппен іс қозғалған. Тіпті, тергеушілер жарақаттарын суретке де түсіріп алыпты. Бірақ, қылмыстық істің соңы сұйылып, ақыры ың-шыңсыз жабылып тынған. Тұрмыстық жанжалдың құрбаны болдым деген келіншек өзіне соңғы мүмкіндік беруін сұрап отыр. Нақты сот үкісмі ертең белгілі болмақ (Дереккөз: КТК).

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама