22 тамыз 2022 | 16:12

Зейнеткерді қағып, кетіп қалған: күдікті Алматы облысында ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Алматы облысының полициясы велосипедтегі зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының полициясы велосипедтегі зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамызда сағат 19:36 шамасында Жамбыл аудандық ПБ-ға Таран ауылына кіреберісте белгісіз көлік велосипед мінген адамды басып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Жол апаты салдарынан 81 жастағы ер адам Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

Кейін әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасы болған жерден кадрлар тарады. Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ЗАЗ Chance автокөлігін тізгіндеген Қарасай ауданының 61 жастағы тұрғынын анықтады.

Реклама
Реклама

"Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген заңбұзушылығы"), 611-бабы 2-бөлігі ("ЖКО орнын қалдыру") және 608-бабы 3-бөлігі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынған. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушінің мас болу дәрежесін анықтау үшін химика-токсикологиялық сараптама тағайындалған. Тағайындалған сараптамалық зерттеулер нәтижесі бойынша ЖКО материалдары негізінде түпкілікті шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная