ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2021 | 10:25
"Зорладың" деп айып тағамын: атыраулық қыз 18 жастағы жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған
Атырауда 21 жастағы қыз "зорладың" деп айып тағамын деп шымкенттіктен екі миллион теңге ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда 21 жастағы қыз "зорладың" деп айып тағамын деп шымкенттіктен екі миллион теңге ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жағдай бірнеше рет қайталанған. Қыз бірінші рет ер адамнан екі миллион теңге алған, кейін тағы 1 540 000 теңге сомасында ақша талап еткен.
Басылым мәліметінше, 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған. Оның айтуынша, қыз ер адамды "Зорлау" дерегі бойынша үстіңнен іс қозғатамын деп қорқытқан. Алайда ер адам жыныстық қарым-қатынас екі жақты келісіммен болғанын айтқан.
Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде қыз деструктивті діни ағым өкілі екені анықталды.
Қазіргі уақытта 21 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК-ның 194-бабы 1-бөлігімен ("Қорқытып алу") соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ақша бопсалаған қыздың басқа да осыған ұқсас деректерге қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также