ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2021 | 10:51
Junior Eurovision. Қазақстандықтар кімге дауыс берді?
Қазақстандықтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Junior Eurovision ұлттық іріктеу нәтижесінде 10 финалист таңдалды. Жеңімпаз Парижде Junior Eurovision 2021 көрмесінде ел намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Junior Eurovision ұлттық іріктеу нәтижесінде 10 финалист таңдалды. Жеңімпаз Парижде Junior Eurovision 2021 көрмесінде ел намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.
Жобаның jevision.khabar.kz ресми сайтындағы онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша 30 қатысушының ішінен 10 финалист таңдалды:
Айғаным Амантай 12 жаста Нұр-Сұлтан қаласы;
Әмина Асхатова 11 жаста Ақтау қаласы;
Бекнұр Жәнібекұлы 8 жастағы Страсбургте (Франция) тұрады;
Армен Саакян 13 жаста Ақтау қаласы;
Галинур Хамзин 11 жаста Орал қаласы;
Екатерина Татарина 13 жаста Нұр-Сұлтан қаласы;
Жан Максим 12 жаста Алматы қаласы;
Әлімжан Түгелбай 12 жаста Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы;
Әбілқайыр Жұмабай 10 жаста Алматы облысы;
Мәдина Сұлтанова 9 жаста Нұр-Сұлтан қаласы.
Еске салайық, бұл - Қазақстанның шоуға төртінші рет қатысуы. Қазақстан алғаш рет Junior Eurovision байқауында 2018 жылы өнер көрсетті. "Өзің сен" әнін орындаған Данэлия Төлешова ел намысын қорғап, алтыншы орын алды. 2019 жылы Ержан Максим "Арманыңнан қалма" әнімен екінші орын алды.
2020 жылы пандемияға байланысты байқау қашықтан жүргізілді, барлық қойылым жазба арқылы ұсынылды. Байқауда Қазақстан атынан Қарақат Башанова Forever әнімен өнер көрсеткен еді, қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша ол 13 қатысушының арасында екінші болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также