A’Studio тобының экс-мүшесі Мәскеуде ұсталды - БАҚ

A’Studio тобының экс-мүшесі Мәскеуде ұсталды - БАҚ

A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Тамерлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengri Life ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Тамерлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengri Life ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

112 Telegram-арнасының мәліметінше, МАИ қызметкерлері Сәдуақасовты таңғы сағат 5-те Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Ол медициналық куәландырудан бас тартқан соң, полиция бөліміне жеткізіліп, әкімшілік хаттама толтырылған.

Тамерлан Сәдуақасов - гитарист және солист, A’Studio тобының марқұм мүшесі Бағлан Сәдуақасовтың ұлы. Әкесі 2006 жылы қайғылы жағдайда қаза тапқаннан кейін, ол А’Studio тобында оның орнын басқан. Алайда кейінірек өз тобын құрды.

Реклама
Реклама

Бағлан Сәдуақасов А’Studio тобының гитарисі және бірқатар танымал туындыларының авторы болған, ол 1990-жылдар мен 2000-жылдардың басында топтың өзіндік стилінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Ол 2006 жылы 2 тамызда Мәскеуде жол апатынан қаза тапты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама