Түркия бірінші ханымының қолын сүймек болған Макрон ыңғайсыз жағдайға қалды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Haber Global

Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған Анкарадағы президент сарайында өткен кездесу кезінде Франция президенті Эммануэль Макронға қолын сүйгізбей қойды. Дипломатиялық келеңсіздіктің видеосы телетрансляцияға түсіп қалды, деп хабарлайды Tengri Life Haber Global басылымына сілтеме жасап.


Бейнежазбадан Макронның жұбайы Брижитпен бірге баспалдақпен көтеріліп, табалдырыққа келгенін көруге болады. Франция президенті түрік әріптесі Режеп Тайип Ердоғанмен қол алысып, оны екі рет құшақтап, арқасынан қақты.

Сол сәтте Эмине Брижитпен амандасып жатқан еді. Кейін Макрон Түркия көшбасшысының жарына қарай бұрылып, оның қолын сүймек болды. Ол еңкейіп, ернін тигізе бергенде, Эмине Ердоғанның қолын кері қарай тартып қалғанын түсінді. Осыдан кейін Франция президенті бастапқы қалпына келіп, езу тартты.

Жарнама
Жарнама

Таяу Шығыс маманы, саясаттанушы Дмитрий Талал Бридже ислам мәдениетінде жақын туыстығы жоқ ер адам мен әйелдің дене жанасуы құпталмайтынын түсіндірді.

"Эмине Ердоғанның бұл әрекеті демонстративті түрде бас тарту емес, керісінше жеке шекараны табиғи түрде сақтау болып көрінді. <…> Егер ол қолын тартып алмағанда, бұл Түркия президентінің имиджіне ел ішінде белгілі бір деңгейде нұқсан келтіруі мүмкін еді", - деді сарапшы АиФ-ке берген сұхбатында.

Оның түсіндіруінше, Түркия ішіндегі консервативті аудитория үшін мұндай жағдай Ердоғанды "батыстық мәдени кодқа жол берді" деп айыптауға себеп болуы мүмкін еді. Жұбайының реакциясы бұл имидждік мәселенің туындауына жол бермеді.

Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама