Тыңдарман ATEEZ тобының жаңа трегінен “Ирина Кайратовнаның“ “Айдахар“ әніне ұқсастық байқады

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Бейнеден алынған кадр

Оңтүстіккореялық ATEEZ K-pop тобының жаңа синглі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. "BAD" трегі жарыққа шыққаннан кейін тыңдарманның бір бөлігі оның қазақстандық "Ирина Кайратовна" тобының "Айдахар" композициясына ұқсастығына назар аударды, деп хабарлайды Tengri Life.


Не болды?

"BAD" әніне түсірілген бейнебаян осы жылдың 26 маусымында шықты. Бұл трек ұжымның жаңа мини-альбомындағы басты сингл болды.

Жарнама
Жарнама

Релизден кейін бірден пікірлерде "Айдахар" әнімен салыстырулар пайда бола бастады. Желі қолданушыларының пікірінше, бұл жерде мәселе әуеннің өзінде емес, тректің жалпы тұжырымдамасында болып отыр. Көпшілігі ұқсас флоу мен қайырманы атап өтті.

"Ирина Кайратовнаның" трегіне ұқсайды екен", "Мұны бір жерден естіген сияқтымын", "Қайырмасынан "Ирина Кайратовнадағыдай" "Бека-Бека-Беканы" естіп тұрған жалғыз мен бе?", "Ең бірінші еске түскені - "Айдахар", "Көшірме емес, бірақ вайбы өте ұқсас", "Басында "Айдахарға" жасалған ремикс екен деп ойладым", - деп жаздв пікір қалдырушылар.

Айта кетейік, жарияланған сәтте "BAD" бейнебаяны YouTube-те 23 миллионға жуық қаралым жинады. ATEEZ-тің Instagram-парақшасына 11,2 миллионнан астам адам жазылған.

Салыстыру үшін айтсақ, "Ирина Кайратовна" тобының 2024 жылғы 7 маусымда шыққан "Айдахар" әніне түсірілген бейнебаяны YouTube-те 374 миллион қаралым жинап, қазақстандық орындаушылардың ең танымал музыкалық бейнелерінің бірі болып қала береді.

Қазіргі уақытта ATEEZ де, "Ирина Кайратовна" өкілдері де туындаған талқылауға қатысты ресми пікір білдірмегенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ топ мүшелері тарапынан да ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Айта кетерлігі, ATEEZ айналасында мұндай талқылаулар бірінші рет туындап отырған жоқ. Дегенмен, бұған дейін топтың өз туындылары өзгелер тарапынан көшіру нысанына айналатын. Мәселен, 2022 жылы Soompi мәліметінше, "Say My Name" әнінің хореографиясына қатысты оқиға үлкен резонанс тудырған болатын. Желі қолданушылары мен түпнұсқа қойылым авторларының бірі Street Man Fighter шоуында хореограф Vata қолданған би қимылы ATEEZ-тің өзіндік стиліне тым ұқсас екенін мәлімдеген еді. Vata-ның өзі айыптауларды жоққа шығарды, ал плагиат фактісі ресми түрде расталмады.

Топ туралы не белгілі?

ATEEZ - 2018 жылы дебют жасаған оңтүстіккореялық K-pop тобы. Ұжым сегіз адамнан тұрады және K-pop-тың төртінші буынының ең танымал өкілдерінің бірі болып саналады. Топ тұрақты түрде халықаралық музыкалық чарттарға еніп, әлем бойынша мыңдаған көрермен жинайды және Оңтүстік Кореядан тыс жерлерде үлкен аудиторияға ие. ATEEZ-тің ресми Instagram-парақшасына 11,2 миллионнан астам адам жазылған.

Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама