Париждегі Эйфель мұнарасы көрінетін бақылау алаңында "Қазақстан" деген жазуы бар граффити пайда болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрларды қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов жариялады, деп хабарлайды Tengri Life.
Қазақстандықтар қандай реакция білдірді?
Бұл жазба қазақстандық желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Пікір жазғандардың көпшілігі белгісіз вандалдардың әрекетін айыптап, Париждегі отандастарына жазуды өшіру жөнінде өтініш білдірді.
"Парижде тұратындар, өтініш, мына жазуды өшіріңіздерші! Масқара болмайық", "Жабайылар. Парижге тиіспеңдер! Ұят-ай", "Фу, Айсұлтан. Айыптаудың орнына, мұның қалыпты жағдай екенін өз үлгіңмен көрсетіп отырсың", "Мына жазуды өшіріңдерші", "Досым, жазуды өшіріп, орнына: "Алға Қазақстан!" деп жазып кетсең болар еді", "Қандай масқара!" - деп жазды желі қолданушылары.
Граффитиді кім қалдырып жүр?
Париждегі бұл орын бұған дейін де әлеуметтік желілерде назарға іліккен болатын. Сәуірде онда "Дагестан", "Чечня" және "Ингушетия" деген жазулар пайда болып, видеолары желіде тез тарап кеткен еді.
Уақыт өте келе бұл жер туристер мен блогерлер суретке түсу үшін арнайы келетін өзіндік тартылыс нүктесіне айналды.
@m.m4ks Дагестан Чечня Грузия Paris 2026 #paris #париж #eiffeltower #чечня #дагестан ♬ түпнұсқа дыбыс - music_top.2026
Кейін, Mash Telegram-арнасының мәліметінше, Париж полициясы жазулардың авторы болуы мүмкін адамның ізіне түскен. Мәселе Францияда бес жылға жуық тұрып жатқан Мансұр есімді 18 жастағы жігіт туралы болып отыр.
Паблик дерегіне сәйкес, ол Шайо сарайы террасасындағы алғашқы жазуды былтыр туған жеріне деген сағыныштан қалдырған. Сурет желіге тарап кеткеннен кейін, өзге туристер оған өз елдері мен аймақтарының атауын жазып беруді өтініп жүгіне бастаған. Нәтижесінде бұл орын танымалдылыққа ие болған.
Париждің коммуналдық қызметтері граффитилерді жүйелі түрде өшіріп тұрады, алайда жас жігіт оларды қайта жаңартады. Ол өз әрекетін вандализм деп санамайды, мұны "Парижде онсыз да бәрі шимайланған" деп ақтайды.
Қазіргі уақытта құқық бұзушыға 2 000 еуроға дейін айыппұл салыныуы, сондай-ақ елден депортациялануы мүмкін.
Айта кетсек, қазақстандық вандалдар бұған дейін Чикагода да "көзге түскен" болатын. Қазақстандықтардың бірі қаланың қақ ортасында өз қалаларының атауын – Атырау мен Шымкент деп қашап жазып кеткен.
2024 жылы қазақстандық турист Помпейде вандализм жасағаны үшін ұсталды. Ол Археологиялық парктегі Цеи үйінің қабырғасына "ALI" деген сөзді жазып қалдырған.
Тағы оқыңыз: Бәйтерек маңындағы ерсі сурет - студент қандай жаза алды?