"Алматы туры-2015" веложарысы басталды

© Николай Колесников

Оңтүстік Астанада "Алматы туры-2015" веложарысы басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Біркүндікке 20 команда қатысып жатыр, олардың ішінде екеуі кәсіби спортшылардан құрылған қазақстандық "Астана" және ресейлік "Катюша" командалары бар.

Спортшылар әл-Фараби даңғылының бойымен жүріп өтеді. Биыл бағыттың қашықтығы 186 шақырым болды - жарысқа қатысушылар әрқайсысы 31 шақырым болатын жолды алты рет айналады. Биылғы "Алматы турының" бас жұлдызы - "Вуэльта-2015" жеңімпазы италиялық Фабио Ару ("Астана" командасы). Тікелей трансляция "Евроспорт-2" телеарнасында жүріп жатыр. 


Бауыржан Байбек, Ахметжан Есімов және Александр Винокуров. © Николай Колесников

Реклама
Реклама

Бұл жарыста "Астананың" спорт директоры Александр Шефер. Ол осыған дейінгі екі бірдей "Алматы турын" жеңіп алған командасының осы жолы да жеңімпаз болуға ниетті екенін айтып берді. 


Фабио Ару. © Николай Колесников

"Астана" командасының "Алматы туры-2015"-тегі толық құрамы: Фабио Ару, Паоло Тиралонго, Алексей Луценко, Арман Қамышев, Руслан Тілеубаев, Даниил Фоминых, Андрей Зейц, Бахтияр Қожатаев.


"Астана" велокомандасы. © Николай Колесников

Айта кетейік. 8.30-15.00 аралығында әл-Фараби даңғылының бойындағы Мұстафин мен Достық даңғылына дейінгі аралық жабылады.

"Алматы турының" бағытының сызбасы

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама