Алматыда костюмді велошеру өтті

Фото Даурен Исаев©

Алматыда "Әдемі киін, велосипедіңді де сәнде!" деген ұранмен костюмді велошеру өтті. Бұл ақпаратты жазған Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасайды.

Түрлі маскалармен және сүйікті персонажының киімдерімен келген алматылықтар мен қонақтар саны мыңнан астам.

Велосипедшілер Әл-Фараби және Тәттімбет көшелерінің қиылысынан Достық даңғылы арқылы Астана алаңына дейін жүріп өтті.

Реклама
Реклама

Ерекше костюммен келген тұрғындарға қала әкімі түрлі сыйлықтар сыйлады. Сондай-ақ, ол мұндай игі іске атсалысқандар мен арнайы костюм дайындағандарға алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай шеру осымен екінші жыл өткізіліп отыр.

Даурен Исаев© Фотолары

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама