31 тамыз 2019 | 13:36

Алматыда жолдар жабылды

Алматыда Tour of Almaty веложарысы өтіп жатыр, сол себепті қаладағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Tour of Almaty веложарысы өтіп жатыр, сол себепті қаладағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 тамызда жарыстың екінші кезеңі өтіп жатыр. 11.00-де веложарыс Талғар тракті жағынан "Халық аренада" басталды. Бұл ауданда қозғалыс уақытша шектелді. Одан әрі Халиуллин көшесіндегі жол айрықтан әл-Фараби даңғылы бойымен Мұстафин көшесіндегі айналма жолға дейін Шығыс айналма автомобиль жолы жабылды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент атындағы саябақтан биік таулы "Медеу" мұз айдынына дейін қозғалыс шектелген. Уақытша шектеулер 15.30 дейін қолданылады. Алматы тұрғындары мен қонақтарына Құлжа тасжолы, Назарбаев даңғылы, Сейфуллин даңғылы және Жароков көшесімен айналып өтуге кеңес беріледі.

Tour of Almaty - Орта Азиядағы ең ірі халықаралық кәсіби шоссе веложарысы. Екі жыл бұрын жарыс алғаш рет көпкүндік мәртебеге ие болды. Жарыстың тікелей көрсетілімін жыл сайын Eurosport телеарнасы арқылы әлемнің 47 елінде қарайды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная