30 тамыз 2020 11:47

"Астана" капитаны "Тур де Франстың" бірінші кезеңінде жол белгісіне соқтығысты

Видео кадрларынан

"Астана" велокомандасының капитаны колумбиялық Мигель Анхель Лопес "Тур де Франстың" бірінші кезеңінде екі рет құлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" велокомандасының капитаны колумбиялық Мигель Анхель Лопес "Тур де Франстың" бірінші кезеңінде екі рет құлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кезеңде велошабандоздар Ниццада жарысқан, сол сәтте қалада жаңбыр жауды. 156 шақырымға созылған алғашқы кезеңде шабандоздар он шақты рет құлады. 

Реклама
Реклама

Лопес жаңбырдан кейінгі тайғанақ жолда велосипедін басқара алмай, жол шетіндегі белгіге соқтығысты. Бірақ ауыр жарақат алмай, жарысты жалғастыра берген. Мәреге үш шақырым қалғанда "Астананың" капитаны басқа шабандоздармен бірге тағы да құлады. 

Нәтижесінде Лопес мәреге 130-шы болып келді. Бірақ кезеңде жеңіске жеткен UAE Team Emirates өкілі Александер Кристоффпен бір уақытта жетті.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram