"Астана" командасы "Джиро д'Италия" веложарысында жеңіске жетті

"Астана" командасы "Джиро д'Италия" веложарысында жеңіске жетті

31 мамырда Миланда "Джиро д'Италия" велокөпкүндігі аяқталды. Командалық есепте "Астана" жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Астана" спортшылары бес кезеңді жеңіспен аяқтады: италиялық Паоло Тиралонго тоғызыншы кезеңді, испаниялық Микель Ланда 15-ші және 16-шы кезеңдерді, "Астана" капитаны Фабио Ару 19-шы және 20-шы кезеңді. 

"Джиро д'Италия" сайысында жалпы есепте ресейлік Tinkoff-Sax велокомандасының капитаны Альберто Контадор үздік болды. Екінші орында Фабио Ару және үшінші орында Микель Ланда тұр. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан командасында өнер көрсеткен Контадор мансап жолында екінші рет "Джиро д'Италия" жеңімпазы атанды. Ол ең алғаш рет 2008 жылы "Астана" командасында жеңіске жеткен еді.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама