"Астана" велошабандозын жаттығу кезінде көлік қағып кетті

22 с?уірде та??ы уа?ытта "Астана" командасыны? велошабандозы, 37 жаста?ы Микеле Скарпони ?аза тапты, - деп хабарлайды Velolive сайты Corriere Adriatico басылымына сілтеме жасап. 

22 сәуірде таңғы уақытта "Астана" командасының велошабандозы, 37 жастағы Микеле Скарпони қаза тапты, - деп хабарлайды Velolive сайты Corriere Adriatico басылымына сілтеме жасап. 

Спортшы жаттығу жасап жүріп, апатқа ұшыраған. Оны жүк көлігі қағып кеткен. Көлік жүргізушісі спортшыны байқамай қалғанын айтқан. Велошабандоз оқиға орнында қаза тапқан. 

Микеле Скарпони 2010 жылға жейін италиялық командалардың атынан құрлықтық жарыстарға қатысқан, ол Джиро д’Италия кезеңдерінде және Тиррено-Адриатико 2009 жарысында жеңіске жеткен. Ол "Астана" клубының сапында 2014 жылдан бастап жарыстарға қатысып жүрген.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама