Астанадағы әлем чемпионатында велоспортшылар жаппай құлады

Астанадағы әлем чемпионатында велоспортшылар жаппай құлады © Massaget.kz

Велоспорттан Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қатысушылар жаппай құлады. Скрэтч кезеңінің финалдық айналымында италиялық велоспортшы қателікке бой алдырып, соңы спортшылардың жаппай құлауымен аяқталды, - деп жазады Massaget.kz басылымы.

Скрэтчтің финалдық кезеңіне 20 велоспортшы шыққан болатын. Қатысушылардың орта жолдағы қателігінен кейін барлығына медициналық көмек көрсетілді. Құлағандардың арасында Малайзия елінен келген спортшы ауыр жарақат алған. Әзірше жарақатының салдары айтылған жоқ. Өзге велоспортшылардың аяқ-қолдары жырылған.

Жарнама
Жарнама

Скрэтч кезеңі соңына дейін жалғасып, австралиялық Дерек Радзикевич чемпион атанды. Күміс чех елінен келген спортшы Иржи Яношекке бұйырса, қоланы неміс Моритц Мейсснер қанағат тұтты. 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама