Келімбетов велоспорт федерациясының басшысы қызметінен кетті

Келімбетов велоспорт федерациясының басшысы қызметінен кетті ©live.proteam-astana.com

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Қазақстанның велоспорт федерациясындағы президент қызметінен кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов негізгі жұмысында оған артылған жүктің көптігіне байланысты бұл қызметтен кетті", - делінген хабарламада. Келімбетовтің айтуынша, әлемде болып жатқан экономикалық жағдай мен қазіргі таңда Ұлттық банктің алдында тұрған маңызды тапсырмалар бар зейінді негізгі жұмысқа аударуды талап етеді.

"Мен сол үшін қоғамдық жұмыстан бас тартуға шешім қабылдадым", - деді ол.

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, федерацияның жаңа президенті жақында болатын есеп беру-сайлау конференциясында сайланады.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама