Велотректен ел чемпионаты мәресіне жетті

Велотректен ел чемпионаты мәресіне жетті Фото cyclingchampionship2014.asia сайтынан

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігі тректің үш түрі бойынша өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде өткен ел біріншілігінде велошабандоздарымыз мэдисон, гит және скретч бәйгелері бойынша сынға түсті.

Мэдисон бәйгесінің жұптасып жарысу сынында Оңтүстік Қазақстан облысының велошабандоздары Диас Өмірзақов пен Сұлтанмұрат Мырзалиев ерлер арасында жеңімпаз атанды. Ал жасөспірімдер арасында Астана таланттары Тимур Қуатов пен Вадим Пронский топ жарды.

Реклама
Реклама

Гит бәйгесінде 1000 метрлік қашықтыққа жұптасып жарысудан Заки Сұлтанов пен Эдуард Розенберг үздік шықты. Ал 500 метрлік қашықтықтағы бәйгесінде Амелия Сұлтанова ел чемпионы атанды. Үшеуі де – Астана қаласының спортшылары.

Бозбалалар мен бойжеткендер скретч пен спринтерлік бәйгелерде бақ сынады. 7,5 шақырымдық скретч бәйгесінде Жанерке Санақбаева (Қарағанды) бойжеткендер арасында, ал Иван Зайцев (Астана) бозбалалар арасында бірінші орындарды иеленді.

Жанерке сонымен қатар қыздар арасындағы спринтерлік бәйгеде де топ жарды. Ал бозбалалар арасындағы спринтерлік сында оның жерлесі, қарағандылық Кирилл Руддер жеңімпаз атанды.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды Астана велотрекшілері жеңіп алды. Алматы облысының велоспортшылары екінші орынға, ал Қызылорда құрамасы үшінші орынға ие болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама