25 маусым 2021 | 09:56

АҚШ-та тонаушыларға "айғайлайтын" камералар пайда болды

АҚШ-та тонаушыларға "айғайлайтын" камералар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Interesting Engineering басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та тонаушыларға "айғайлайтын" камералар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Interesting Engineering басылымына сілтеме жасап.

Live Eye Surveillance атты америкалық компания ерекше бейнебақылау камерасын жасап шығарған, ол дүкен ішінде болып жатқанның барлығын бақылап, қажет болған жағдайда қашықтағы операторға дауыс командаларын қолдануға мүмкіндік береді.

Үндістанның солтүстігінде орналасқан Карнал қаласындағы қызметкерлер айына 399 доллар (шамамен 170 мың теңге) төлеп, тәулік бойы АҚШ пен өзге мемлекеттердегі жұмыс процесін бақылап отыратын болды. Компания клиенттерінің арасында 7-Eleven, Shell, Dairy Queen және Holiday Inn желілері бар.

Реклама
Реклама

Бұл жүйенің тиімділігін көрсету үшін Live Eye Surveillance бірнеше қысқа роликті ұсынды. Олардың бірінде сатушы тоңазытқыштан сусынды алып, касса аппаратына оралады, осы кезде камерадан дауыс шығады, ол тауарды сканерлеп, ақшасын төледің бе деп сұрайды.

Енді бір роликте дүкенге қарулы адамдар кіріп, сатушыны қорқытып, касса тұрған жаққа апарады. Ер адам касса аппаратын ашқанда, бейнебақылау жүйесі дабыл сигналын шығарып, тонаушыларға полицияның шақырылғанын ескертеді. Тонаушылар дүкеннен асыға шығып, қаша жөнеледі, ал шын мәнінде олар сатушыға шабуыл жасап, камераны шағып тастайтын еді.

Live Eye Surveillance - заманауи бейнебақылау жүйесін жасайтын көп компаниялардың бірі. Мамандардың айтуынша, мұндай технологиялар қауіпсіздік үшін ғана емес, тыңшылықпен айналысатын қызметкерлерді бақылау үшін де қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная