Байқоңырдан қаңтар айының соңында "Протон-М" зымыраны ұшырылады

Байқоңырдан қаңтар айының соңында "Протон-М" зымыраны ұшырылады © РИА Новости

"Протон-М" зымыраны Байқоңырдан 2016 жылдың қаңтар айының соңында ұшырылады, - деп хабарлайды Primeminister.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетіне сілтеме жасап.

"Қазір "Байқоңыр" ғарыш айлағында Eutelsat 9B европалық телекоммуникациялық ғарыш аппаратын ұшыру бағдарламасы аясында "Бриз-М" үдеткіш блогымен "Протон-М" зымыранын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Зымыранды ұшыру 2016 жылдың қаңтар айының соңына белгіленген және бұл "Байқоңырдағы" ғарыш жылын ашады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Eutelsat 9B ғарыш аппараты Францияның Eutelsat Communications спутниктік операторына тиесілі.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама