Ғарышкер Айымбетов Таяу Шығыста болған құмды дауылдың видеосын жариялады

© Twitter

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Twitter-дегі парақшасында Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген екі видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы видеодан Батыс Азиядағы құмды дауылды көруге болады. Табиғи құбылыс екі ракурстан түсірілген. Видеодағы 9 қыркүйекте Ливан мен Сириядағы болған дауыл болуы мүмкін. Айта кетейік, дауыл екі адамның өмірін қиған болатын.

Реклама
Реклама

© AidynAimbetov /Twitter

Сонымен қатар, Айымбетов ХҒС-ның Жермен салыстырғанда үлкен жылдамдықпен ұшып бара жатқаны бейнеленген қысқа роликті де жүктеді. Бұған дейін ол микроблогында былай деп жазды: "Мен 1 секунда Жердегі 7,66 шақырыммен ұшып бара жатырмын. Бұл оқтың жылдамдығынан 10 есе жоғары. 402 шақырым биіктіктеміз".

© AidynAimbetov /Twitter

Еске сала кетейік, 8 қыркүйекте Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясында өзінің әріптестерімен бірге ғарыштан поляр шұғыласын бақылаған болатын. NASA ғарышкері Скотт Келли Twitter-дегі өзінің микроблогына ғарыштағы поляр шұғыласының видеосын салды.

Айта кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар. 4 қыркүйекте "Союз ТМА-18М" кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті. Жоспар бойынша Могенсон мен Айымбетов Жерге 12 қыркүйекте оралады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама