Ғарыштағы сенсация: SpaceX зымыранды қайта ұшырды

spacex.com

Америкалы? миллиардер Илон Маскты? SpaceX компаниясы тарихта т???ыш рет осы?ан дейін ?ш?ан тасы?ыш зымыранды ?арыш?а ?айта шы?арды. 30 наурызда Falcon 9 зымыраны Флоридада?ы Канаверал ?арыш айла?ынан ?шырылды. Содан ол Жерге ?айтып келіп, Атлант м?хитында?ы платформа?а ?онды. Осылайша, Falcon 9 зымыраны ал?аш?ы к?пм?ртелік орбиталды? ракета болды. Зымыранны? ?шырыл?ан ж?не ?он?ан с?тіні? трансляциясын SpaceX компаниясы ?з сайтында ж?ргізді.

Америкалық миллиардер Илон Масктың SpaceX компаниясы тарихта тұңғыш рет осыған дейін ұшқан тасығыш зымыранды ғарышқа қайта шығарды. 30 наурызда Falcon 9 зымыраны Флоридадағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды. Содан ол Жерге қайтып келіп, Атлант мұхитындағы платформаға қонды. Осылайша, Falcon 9 зымыраны алғашқы көпмәртелік орбиталдық ракета болды. Зымыранның ұшырылған және қонған сәтінің трансляциясын SpaceX компаниясы өз сайтында жүргізді.

Илон Маск осыған дейін ұшқан Falcon 9 зымыранының қайтадан ұшуы мен қонуын сәтті өтті деп атады. Ол оны "ғарыш индустриясындағы революция" деп атады. "Тамаша күн, бұл бүкіл ғарыш индустриясы үшін тамаша күн. Ғарыштық ұшудағы үлкен революция: сіз тасығыш зымыранды қайтадан ұшыра аласыз", - деп келтіреді Илон Масктың сөзін РИА Новости.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, кәсіпкер SpaceX компаниясының осы жобамен 15 жыл жұмыс істегенін айтып өтті. Оның айтуынша, компаниядағылар көпшілік мүмкін емес деп ойлайтын шындықты дәлелдей алды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама