Голландиялық сәулетші 3D-принтермен үй тұрғызуға ниетті

© Universearchitecture.com

Голландиялық сәулетші Яньяп Рейссенарс Мебиус лентасы тәрізді үлкен "шексіз" үйді 3D-принтердің көмегімен тұрғызуға ниетті, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Landscape House деп аталатын жобаның ауданы мыңнан аса шаршы метр болады деп күтіліп отыр. Құрылысты D-Shape принтері басып шығарады. Принтерден шығатын әр қабаттың биіктігі 5-10 миллимер болады.

"Ол қарапайым принтер сияқты жұмыс істейді. Дегенмен біз сияның орнына сұйықтық пен құм пайдаланамыз. Құм су жайылған жерлерде қатып қалуы тиіс", - дейді Рейссенарс.

Реклама
Реклама

Архитектордың айтуынша, ұзындығы екі метр болатын аппарат Амстердамдағы қоймалардың бірінде сақталған. Құрылыс бастардың алдында құрылғы соңғы рет сынақтан өткізіліп жатыр екен. Рейссенарс болашақта жаңа ғимараттың көрмеге арналған орын ретінде қолданылатынына сенім білдірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама