Илон Маск қала шетінен орталыққа 5 минутта жеткізетін тоннель қалай жұмыс істейтінін көрсетті

Tesla ж?не SpaceX жетекшісі Илон Маск Лос-Анджелесті? астында?ы тоннельді? болаша?та ?алай ж?мыс істейтінін к?рсетті. М?ндай видео Boring компаниясыны? YouTube-арнасында пайда болды.

Tesla және SpaceX жетекшісі Илон Маск Лос-Анджелестің астындағы тоннельдің болашақта қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Мұндай видео Boring компаниясының YouTube-арнасында пайда болды.

Миллиардер әрі өнертапқыш TED конференциясында автомобильдердің тоннельдегі арнайы платформалармен қозғалатынын айтып берді. Айтуынша, көшеде тұрған көлікті құрылғы өзі-ақ жер астына алып кетеді екен. Электр тартылысымен жұмыс істейтін платформа сағатына 200 шақырым жылдамдық асыра алады және көлікті Вествудтен (Лос-Анджелестің шеті) қала орталығына 5 минутта жеткізеді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, The Boring Company компаниясы Лос-Анджелестің астында мұндай тоннельді 2017 жылдың басында сала бастаған, сәуірде құрылыс орнының суреттері пайда болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама