Илон Маск Tesla көлігін тоннельде сынақтан өткізді

© Instagram/elonmusk

Tesla ж?не SpaceX компанияларыны? басшысы Илон Маск Лос-Анджелесте Tesla Model S к?лігін тоннельге жіберіп к?рді, - деп жазады L!FE.ru.

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск Лос-Анджелесте Tesla Model S көлігін тоннельге жіберіп көрді, - деп жазады L!FE.ru.

Миллиардер тоннельге жіберілген электркардың суретін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, мұндай туннельдер жүргізушілерге кептеліске тұрып қалмауға көмектеседі. Тоннельге түсу үшін жүргізуші жүк лифтімен жерге түсіп, арнайы платформаға өтуі керек. Ол платформа жүргізушіге сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Илон Маск Лос-Анджелесте тоннель ойлап табу туралы идеясын алғаш рет 2016 жылдың желтоқсан айында айтқан болатын. Ол қаладағы кептелістерге шағымданғанеді. Бірақ кәсіпкердің бұл идеясын көбі әзіл ретінде қабылдаған еді. Алайда кейінірек Илон Маск бұл ойын іске асырды.

Басылымның мәліметінше, Boring Company бұрғылау жұмыстарын 2017 жылдың қаңтар айының соңында бастады. Ал 29 маусымда Илон Маск туннельдің құрылысы сәтті аяқталғанын мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама