09 қараша 2021 10:07

Жерге қауіп төндіруі мүмкін астероид жақындап келеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото.

2004 UE астероиды қарашаның ортасында Жерге жақындайды. Бұл туралы NASA бөлімшелерінің бірінің сайтында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2004 UE астероиды қарашаның ортасында Жерге жақындайды. Бұл туралы NASA бөлімшелерінің бірінің сайтында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қауіпті астероидтың диаметрі 170-380 метр. NASA мәліметінше, астероид 13 қарашада Жерге жақындайды. Америкалық агенттіктің бағалауы бойынша, астероид планетадан төрт миллион шақырымнан аса қашықта ұшып өтеді, бұл Жерден Айға дейінгі 11 арақашықтықтан асады.

Астероид 2004 UE – "Аполлон" тобының бөлігі, ұшу жолдары Жер орбитасымен қиылысатын ықтимал қауіпті астероидтар. Астероидқа алғашқы бақылау 2004 жылы жасалған. Келесі жолы астероид Жерге 2051 жылы жақындайды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін NASA астероидпен соқтығысатын миниатюралық ғарыш аппаратын ұшыратыны хабарлаған болатын. Бұл үлкен аспан денесімен соқтығысқан жағдайда Жерге қауіп төндіретін апаттың алдын алуға арналған технологияның алғашқы сынағы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram