ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2022 | 12:32
Карантиннен кейін қандай киім сәнге айналды? Стилист жауап берді
Әйелдер қауымы кез келген маусымда сәннен қалмауды құп көреді. Сән - тұрақсыз нәрсе. Өйткені кез келген маусымда трендке айналған нәрсе келесі маусымда сәннен шығып қалуы әбден мүмкін. Сәннен қалмау үшін не сәнді, не сәнсіз екенін біліп жүру артық етпейді. Tengrinews.kz тілшісі стилист Айдана Әмірбекпен сөйлесіп, антитренд киімдердің тізімін жасап көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әйелдер қауымы кез келген маусымда сәннен қалмауды құп көреді. Сән - тұрақсыз нәрсе. Өйткені кез келген маусымда трендке айналған нәрсе келесі маусымда сәннен шығып қалуы әбден мүмкін. Сәннен қалмау үшін не сәнді, не сәнсіз екенін біліп жүру артық етпейді. Tengrinews.kz тілшісі стилист Айдана Әмірбекпен сөйлесіп, антитренд киімдердің тізімін жасап көрді.
Қазір сұлулық, сән, нәзіктік денеге жабысып тұратын киіммен өлшенбейді. Керісінше қазір трендте барынша табиғи болу, асыра сілтемеу, киімнің ыңғайлы әрі кең болуы. Дегенмен тым кең кию де дұрыс емес. Стилистің айтуынша, денеге жабысып тұратын кез келген киім үлгісі сәннен шығып қалған. Соның бірі - жейде.
"Денеге жабысып тұратын киімнің бәрі сәннен кеткен. Өйткені киім мен дене арасы бос болуы, ауа болуы қажет. Киім дене пішініне сай келуі дұрыс емес. Мәселен суреттегі жейде қазіргі заманауи трендке сай емес. Денеге шақ болып тұр. Белден сәл түсіп тұрса, кеңдеу болса, дұрыс", - деді маман.
Сән әлемі үнемі өзгеріп отырады. Бұл ресми стильдегі киім үлгілеріне де қатысты. Стилист бұл бағыттағы киімдерде артық дүние болуы дұрыс емес екенін түсіндірді.
"Блейзердің де жеңі ұзын болуы қажет. Жеңі түрілген, қысқартылған блейзерлер әлдеқашан сәннен шығып қалды. Ол толық ұзындықта, кең өлшемді болуы керек", - деді ол.
Шалбарлар да - тез сәннен шығып қалатын киімнің бірі. Мәселен, жыртық шалбар, скинни осы қатарда. Джинсы-банан да дәл солай, өйткені ол артық салмақ қосып тұрады.
Антитренд киімдер қатарында тоқыма көйлектер де бар. Сонымен қатар, гардеробты жасыл түсті киімдермен толтырмаған дұрыс. Өйткені дұрыс таңдалған киімнің түсі де маңызды саналады.
Сәтті таңдалған аяқ киім образыңызды одан әрі айшықтай түседі. Биік өкшелі бәтеңкелер, туфлилер сәнді емес. Кез келген кешке, мерекеге немесе күнделікті өмірде дәл осы стильдегі аяқ киімді таңдау дұрыс емес.
"Карантинен кейін киім ыңғайлы болуы маңызды саналды. Сондықтан денеге шақ болып тұратын киім, биік аяқ киім антитрендке айналды. Өйткені сән үлгісіне экономикалық жағдай, сыртқы факторлар да әсер етеді", - деп түсіндірді стилист.
Сүйкімді көрінетін моншақ шаш қыстырғыштар бірнеше маусым бойы қыздардың ең сүйікті аксессуарларының бірі болды. Қыздар оны кез келген шаш үлгісіне қолданды.
"Тез трендке айналып, кейін сәннен шыққан аксессуардың бірі - моншақтан жасалған шаш қыстырғыштар. Қазір бұл аксессуарды тағу сәнді емес", - деді маман.
Гардеробтан табылуы қажет киімнің бірі - футболка. Өйткені ол кез келген маусымда киюге ыңғайлы киім. Дегенмен қазір жеңі тым қысқа, сонымен қатар, түрлі декор, шілтер, түйме секілді сәндік бұйымдары бар футболкалар сәнді емес. Бұл стильдегі футболкаларды кез келген образбен, киіммен үйлестіріп кию қиын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также