"KazSat-3" екі айдан кейін ғарышқа аттанады

Фото inform.kz сайтынан

Биылғы жылдың сәуір айында Байқоңыр ғарыш айлағынан "KazSat-3" жер серігін ұшыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазғарыш" ұлттық компаниясының баспасөз мәлімдемесіне сілтеме жасап. Компанияның хабарлауынша, бұған дейін ғарышқа аттанған "KazSat-2" жер серігі бүгінде штаттық режимде жұмыс істеп, 63 пайызға жүктелді. "Қазір Қазақстанның 11 байланыс операторы 2 млрд теңгеге спутниктік қызметті жалға алып отыр. Ал "KazSat-3" бойынша өткен жылы жалпы құрастыру және сынау жұмыстары аяқталды. 2014 жылы сәуірдің 30-ына дейін аталған жер серігін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру жоспарланып отыр", - делінген "Қазғарыштың" ресми мәлімдемесінде.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама