Компьютердің қуатын төрт есе арттыратын тәсіл ойлап табылды

© flickr.com/Andrew_Writer

?ытайлы? ба?дарлама жасаушы компьютерді? ?уатын т?рт есе арттыратын т?сіл ойлап тапты, - деп хабарлайды L!FE.

Қытайлық бағдарлама жасаушы компьютердің қуатын төрт есе арттыратын тәсіл ойлап тапты, - деп хабарлайды L!FE.

Порталдың хабарлауынша, жігіт өз тәжірибесіне осыдан 16 жыл бұрын шыққан дербес компьютерді пайдаланған және оған заманауи салқындатқыш жүйені қолданған. Сонымен қатар, өз компьютерінің қуатын төрт есеге күшейткен қытай жігіті бұл тәсілді кез келген компьютерге қолдануға болатынына кәміл сеніп отыр. 

"Компьютердің өзі 16 жыл бұрын шыққан. Бағдарлама жасаушы жігіт оның жүйелік тақтасына мықты, заманауи салқындатқышты қосып, жұмыс істеу қарқынын күшейтті. Оның айтуынша, бұл жүйенің жұмыс істеу қағидасы сұйытылған азотқа негізделеді. Осылайша, компьютер жылдам жұмыс істей бастады", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Тәжірибе жасаушы жігіттің айтуына қарағанда, осылайша кез келген ескі компьютердің жұмысын жылдамдатуға болады. Бұл қазір өте қажет дүние, себебі осыдан 10-15 жыл бұрынғы уақытқа қарағанда, заманауи компьютерлерге, ойын бағдарламаларына, сонымен қатар, көптеген сайттарға есептеу қуатының бұдан да күштірек болғаны керек.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама