12 ақпан 2014 11:05

Марскезгіш құмтөбелерді басып өтті

Curiosity марскезгіштің артқы камерасы түсірген сурет

"Кьюриосити" (Curiosity) марскезгіші Қызыл ғаламшарға барғалы алғаш рет құм төбелерді басып өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жерге жіберілген кадрларға қарасақ, аппарат биіктігі шамамен бір метр кедергілерден ешқандай қиындықсыз өткенін байқауға болады. "Кьюриоситидің" сәтті қимылы зерттеуге алынған нысан бағытындағы жолдың тегіс бетіне шығуға мүмкіндік берген. Бұл сапар Ай жарығы жазықтығына және оның арғы жағында орналасқан Шарп тауына келгенде аяқталады. Бүгінгі таңда "Кьюриосити" Марста 4,97 шақырым жүріс жүрген. Аппарат енді тура осындай жолды артқа тастауы керек. "Кьюриосити" Марсқа 2012 жылдың 6 тамызында қонған. Аппарат бұл арада жердегі уақытпен 686 сөтке жұмыс істеуі тиіс. NASA-ның басты мақсаты Марста тіршілік бар ма деген сауалға жауап табу болып табылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram